×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Ресейдің табиғи ресурстар министрлігі киікті “Қызыл кітаптан” шығарып, атуды ұсынды

Бүгін, 17:00
Ресейдің табиғи ресурстар министрлігі киікті “Қызыл кітаптан” шығарып, атуды ұсынды
Ulysmedia коллажы

Ресейдің Табиғи ресурстар министрлігі киіктің волго-урал популяциясын Қызыл кітаптан алып тастауды ұсынды. Бұл шара олардың санын реттеуге, соның ішінде атуға рұқсат беруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Regulation.gov.ru порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, Қызыл кітапта тек солтүстік-батыс Каспий маңы сайғақ популяциясы (Қалмақия мен Ресейдің Астрахан облысы) ғана қалуы мүмкін.

Министрлік бұл шешімді Қазақстаннан Ресейге жануарлардың жаппай көшуімен түсіндірді. Айтуларынша, бұл көші-қон Саратов облысының ауыл шаруашылығына “елеулі залал” келтіріп, инфекциялық аурулардың таралу қаупін арттырып отыр.

КОНТЕКСТ

Өңір билігінің мәліметінше, Қазақстаннан Ресей аумағына шамамен 1 миллион киік өткен. Бұған дейін фермерлер сайғақтардың келтірген зиянына байланысты президент Владимир Путинге жүгінген болатын.

Серіктес жаңалықтары