×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Ресей ҰҚШҰ әскеріне ұйымға мүше елдердің ішінде емін-еркін жүруіне мүмкіндік беретін құжатты мақұлдады

Бүгін, 17:50
Ресей ҰҚШҰ әскеріне ұйымға мүше елдердің ішінде емін-еркін жүруіне мүмкіндік беретін құжатты мақұлдады
ulysmedia коллажы

Хаттамада ҰҚШҰ елдерінің аумағы бойынша қарулы күштер мен техниканың орын ауыстыруы көрсетілген. Мемлекеттік Дума құжатты бекітті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

7 маусымда Мемлекеттік Думаға құжатты ратификациялауды Ресей президенті Владимир Путин енгізген. Құжатқа 2024 жылы 28 қарашада Астанада қол қойылған. Ресей парламенттік газетінің мәліметінше, құжат ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қарулы құрылымдарының алға қойғанміндеттерді шешу кезінде немесе бірлескен жаттығуларға қатысу кезінде тасымалдау тәртібін нақтылайды және толықтырады.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ

Осылайша, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер, соның ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения арасында әскердің жүріп-тұруы жеңілдейді. Яғни, елдер әскери күштерді бір-бірінің аумағына тек қарулы қақтығыс жағдайында ғана емес, сонымен қатар қауіп-қатерлер, дағдарыстық жағдайлар кезінде де төтенше жағдай салдарын жою, гуманитарлық көмек көрсету және жаттығуларға қатысу үшін жібере алады.

Егер бұрын әсер мен техниканы тасымалдауға өтінімдер кемінде 30 тәулікте берілсе, енді қажет болған жағдайда бұл мерзім Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңес шешім қабылдағаннан кейін бір тәулікке дейін қысқарады. Сондай-ақ, құжатта жаңа ұғым — "құрылымдарды басқару" түсінігі енгізілген. Бұл ҰҚШҰ әскери күштерін блок елдерінің біріне жіберген кезде басқаратын орган.

ҰҚШҰ-ҒА АЙТЫЛАТЫН СЫН

Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысты сын көп айтылады. Тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері Қазақстан ұйымнан шығуы тиіс деген сынды жиі айтады. Олар ұйым әскери мақсатта емес, саяси мақсатта құрылған деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары