×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Қазақстандағы ең "жас" және ең "қарт" өңірлер аталды

Бүгін, 19:22
Қазақстандағы ең "жас" және ең "қарт" өңірлер аталды
ЖИ / ulysmedia.kz

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қазақстандықтардың орташа жасы 32,3 жас, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 31,9 жастан өскен. Ер адамдардың орташа жасы – 30,7 жас, ал әйелдердікі – 33,9 жас.

ӨҢІРЛЕР

Өңірлер бойынша ең төмен орташа жас Түркістан облысында тіркелген – 27,7 жас. Сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 27,8 жасқа тең.

Ал ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 39,2 жас, Шығыс Қазақстанда – 38,9 жас және Қостанай облысында – 38 жас.

АУЫЛ МЕН ҚАЛА

Қалалық халықтың орташа жасы ауылдықтарға қарағанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас.

Серіктес жаңалықтары