×
519.26
602.13
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.26
602.13
6.62

Ресей ғарыш туралы әзілдегендерді соғысқа аттандырамыз деп қорқытты

Бүгін, 16:24
Ресей ғарыш туралы әзілдегендерді соғысқа аттандырамыз деп қорқытты
Видео кадры

«Роскосмос» компаниясының бұрынғы басшысы КВН ойындарында өзіне қатысты әзіл айтқан қатысушыларға шүйлікті. Ол бұл жігіттерді және оларға мәтін жазған адамды соғысқа жіберемін деп сес көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дмитрий Рогозиннің ашуын «Негоден» командасының сахналық көрінісі тудырған. Олар ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан экипаж туралы әзіл көрсетті. Сценарий бойынша, ғарышкерлердің бірі қыз тауып, ұшудан бас тартпақ болады. Командир оған: «Ғарышты қызға айырбастамайды», – деп жауап береді. Бұл сөзді олар Рогозиннің докторлық диссертациясынан алынған деп келемеждеген.

РЕАКЦИЯ

Рогозин әзіл көрсеткен екі жігіттің қай әскери комиссариатқа тіркелгенін білетінін айтты. Бұл ақпаратты оған кім және қандай негізде бергені белгісіз. Ол жігіттерді соғысқа жіберемін деп қорқытып, "нағыз КВН-ды" сол жақта көрсетемін деді – яғни, "Князь Вандал Новгородский" атты әскери дрондарды меңзеген. 

– Қазір сол екі жігітке мұндай мәтіндерді жазып беретін талантсыз адамды анықтап жатырмыз. Әлгі жігіттердің өздерін де күтіп отырмыз – бәрін үйретеміз, тіпті әзілдің не екенін де көрсетеміз, – деп жазды «Роскосмос» компаниясының бұрынғы басшысы.

Серіктес жаңалықтары