×
519.26
602.13
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.26
602.13
6.62

Министрлікті сотқа берген түлектің шағымын Жоғары сот қанағаттандырмады

Бүгін, 17:58
Министрлікті сотқа берген түлектің шағымын Жоғары сот қанағаттандырмады
Фото: КазТАГ

Қазақстанның Жоғарғы соты ғылым және жоғары білім министрлігінің мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу туралы бұйрығын заңсыз деп тануды талап еткен Алматы қаласының түлегі Медина Майсардың кассациялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Жоғары сот министрліктің іс-әрекетін заңды деп таныған бірінші және апелляциялық сатылардағы сот қаулыларын күшінде қалды.

Жоғарғы сот министрліктің іс-әрекетінде құқықтық бұзушылықтар анықталмағанын және бұйрықты заңсыз деп тануға негіз жоқ екенін атап өтті.

2024 жылдың жазында Медина Майсар ҰБТ-да алған 119 балына  қарамастан, оқу грантын алмағанын айтып бейнежазба жариялағаннан кейін дау туған. Гранттардың бір бөлігі (20% квота)су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймақтардың түлектері үшін бөлінгені наразылық тудырған.

Мединаның адвокаты Халида Әжіғұлова мұндай квота «Білім туралы» заңды бұзады деп мәлімдеген. Ол министрлік өкілеттігін асыра пайдаланды деген. Министрлік квотаға байланысты шешім заң аясында қабылданғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары