×
518.5
601.62
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.5
601.62
6.61

Қазақстаннан Омбыға көшетіндер саны көбейген

Бүгін, 08:03
Қазақстаннан Омбыға көшетіндер саны көбейген
Фото: azh.kz

Омбы облысы шетелден келетін отандастар саны бойынша Ресей аймақтары арасында алғашқы үштікке кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аймақтық еңбек министрлігінің дерегінше, 2009 жылдан бері "Отандастарды қоныс аудару" мемлекеттік бағдарламасы аясында Омбы облысына 50 мыңнан астам адам қоныс аударған, олардың 550-і - тек осы жылдың басынан бері келген. Келушілердің басым бөлігі - Қазақстан азаматтары (шамамен 90%). Көбінесе олар Омбыны тұрақты мекен ретінде таңдайды. Қоныс аударушылардың 25 пайыздан астамын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, Қазақстанда азаматтықтан шығуға өтініштер санының азаюы байқалады. 2019 жылы азаматтықты тоқтату бойынша 1 700 жағдай тіркелсе, 2020 жылы - 944, 2021 жылы - 123, 2022 жылы - 114, 2023 жылы - 107, ал 2024 жылы - 77 адам тіркелген.

Серіктес жаңалықтары