×
518.5
601.62
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.5
601.62
6.61

Қазақстанда шетелдік инвестициялардың азаюының күтпеген себебі айтылды

Бүгін, 09:22
Қазақстанда шетелдік инвестициялардың азаюының күтпеген себебі айтылды
Ulysmedia.kz коллажы

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев шетелдік инвестициялардың күрт төмендеуінің себебін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТИІМДІЛІК МӘСЕЛЕСІ

Әшімбаев Қазақстанда қандай критерийлер бойынша инвестициялық жобалардың тиімділігі бағаланатыны түсініксіз екенін айтты.

– Жалпы, инвестиция деп нақты нені есептейтіні және олардың тиімділігін қалай бағалайтыны әрдайым түсінікті емес. Белгілісі – бұл несие мен активтерді сатып алу. Сондай-ақ қарыз алуға тым әуестену сыртқы қарыздың артуына және капиталдың сыртқа шығуына әкелетіні анық. Бұл – таяқтың екінші жағы. Мемлекеттің және квазимемлекеттік сектордың қатысуымен жүзеге асатын инвестициялық жобаларды бақылау (немесе тым болмағанда мониторинг жасау) мәселесі өте маңызды, деді ол.

КӘСІБИЛІКТІҢ ЖЕТІСПЕУІ

Саясаттанушы шенеуніктердің инвестициялық жобалардың табыстылығының есептемейтінін, бұл ақырында бюджеттің тиімсіз шығындалуына алып келетінін атап өтті.

– Кейде мемлекеттік органдар инвестициялық жобаның рентабельдігін есептеуге не қабілетсіз, не ондай ниеті жоқ. Мұның салдары – бюджет үшін еш мағынасы жоқ шығындар. Өз қаржысы болса да бір жөн, ал бұл – қарыз, оны қайтару керек. Бұған дейін бұл салада мол тәжірибе жиналғандай көрінетін. Көпшілігі 90-жылдардың басындағы шетелдік несиелер «бумын» және оның салдарын, сондай-ақ 2003 жылғы СИИР аясындағы «көңілді несие тарату» кезеңін жақсы біледі. Алайда осы уақытқа дейін, президенттің тікелей тапсырмасына қарамастан, мониторинг жүйесі құрылған жоқ, – деп жалғастырды сарапшы.

СЕБЕП

Саясаттанушы шетелдік инвестициялардың құлдырауына қатысты өз жорамалын да ұсынды.

– Қалай болғанда да, инвестициялық баланстың теріс көрсеткішін біржақты түрде «сәтсіздік» деп бағалауға болмайды. Мүмкін, үкімет бюджетке түсетін салмақты азайту үшін уақытша үзіліс алған шығар. Ең болмағанда, осылай үміттенуге болады, – деп қорытындылады Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары