×
518.5
601.62
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.5
601.62
6.61

Көлік терезесінен шынтағын шығарып отырғандарға айыппұл салынады: ІІМ өкілі мән-жайды түсіндірді

Бүгін, 12:37
Көлік терезесінен шынтағын шығарып отырғандарға айыппұл салынады: ІІМ өкілі мән-жайды түсіндірді
Ашық дереккөзден

ІІМ автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салу кезінде полиция қызметкерлері қандай критерийлерге сүйенетінін түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ әрбір жағдайды жеке қарастыру қажет екенін мәлімдеді. Мысалы, кей жағдайда көліктен сыртқа шығарылған қол немесе аяқ жүргізушінің немесе жолдағы басқа адамдарға көру мүмкіндігіне кедергі келтіруі мүмкін.

Әрқашан құқықбұзушылықтың ниеті мен құрамына сүйену керек. Егер адам тек шынтағын шығарып, бұл жүргізушінің көрінуіне кедергі келтірмесе және жол қозғалысы ережелерін бұзуға себеп болмаса, онда бұл жағдайда құқықбұзушылық құрамы жоқ. Ал егер адам денесінің жартысын шығарып, қолын бұлғап, басқа жүргізушілерге кедергі келтірсе немесе олардың назарын аудартатын болса — бұл жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық құрамы бар, – деді ҚР ІІМ Заңнама және нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаментінің бастығы Ренат Зұлқайыров Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Алайда «кедергі келтірудің» нақты қалай анықталатыны немесе өлшенетіні әзірге белгісіз.

КОНТЕКСТ

2025 жылы 13 наурыздан бастап Қазақстанда жүріп бара жатқан көліктің терезесінен, люгінен немесе есігінен дене мүшелерін қолды, аяқты немесе басты шығаруға ресми түрде тыйым салынды. Бұл талапты бұзғандарға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 39 320 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Бұған дейін Астанада жолаушының көліктен аяғын шығарғаны үшін жүргізушіге айыппұл салынған болатын.

Серіктес жаңалықтары