×
518.5
601.62
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.5
601.62
6.61

“Мән берудің қажеті жоқ”: Әшімбаев Назарбаев пен Путиннің кездесуінен еш оғаштық көрмейді

Бүгін, 13:33
“Мән берудің қажеті жоқ”: Әшімбаев Назарбаев пен Путиннің кездесуінен еш оғаштық көрмейді
Кремль

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге жасаған сапарына жөнінде пікір білдірді. Таяуда Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәулен Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары жеке кездесу болғанын атап өтті. Оның ресми мәртебесі болмағанын айтты.

Экс-президенттің шетелге барып, ел басшыларымен кездесуге қақы бар. Мұның бәрі жеке шаралар шеңберінде өтеді. Бірінші президенттің ешқандай мемлекеттік мәртебесі мен өкілеттігі жоқ. Қазақстанның мемлекеттік саясатына қатысты барлық мәселелер мен өкілеттіктер қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырында. Президентіміз бен Владимир Путин тұрақты байланыста, жиі кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін жұмыс істеп келеді. Жеке кездесулер мен әңгімелерге аса мән берудің қажеті жоқ деп есептеймін. Біздің еліміздің сыртқы саясатына қатысты барлық мәселелер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарапынан тиімді іске асырылып жатыр, – деді Сенат төрағасы.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Кремльде кездескені хабарланған, алайда кездесудің мән-жайы жөнінде мәліметтер жарияланған жоқ. Бұл кездесу төңірегінде түрлі болжамдар айтылып жатса да, кейінірек бұл басқосу екі саясаткер арасындағы бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынаспен байланысты деп түсіндірілді.

Серіктес жаңалықтары