×
518.5
601.62
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.5
601.62
6.61

Қазақстанда кедейлер саны көбейген

Бүгін, 16:00
Қазақстанда кедейлер саны көбейген
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда халық табысына қатысты статистика ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанда халықтың 4,5%-ы күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүреді, бұл шамамен 1 миллион адам. Мұндай деректерді Tengenomika келтіреді. Кедей адамдардың саны біршама ғана азайған: бір жыл бұрын олардың саны 928 мың болса, қазір – 924 мың.

ӨҢІРЛЕР

Кедейлердің ең көп шоғырланған аймақтары – Түркістан облысы (8,1%), Абай облысы (7,3%) және Жетісу облысы (6,9%). Ал Қарағанды облысында (2,6%) және Астанада (2,1%) бұл көрсеткіш ең төмен.

КЕДЕЙЛІК

16,5 мың адамның табысы тұтыну себетінің құнынан да төмен, бұл – кедейліктің ең шекті деңгейі. Мұндай жағдайда өмір сүріп жатқандардың саны бір жылда 1 182 адамға артқан.

ҚАЛА МЕН АУЫЛ

Қала мен ауыл арасындағы жағдай әртүрлі: қала тұрғындарының 3,4%-ы, ал ауыл тұрғындарының 6,5%-ы кедейлік шегінен төмен. Қала тұрғындарының табысы ауылдықтардан 30%-ға жоғары.

КӨПБАЛАЛЫЛАР

Күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың 85%-ын 5 және одан да көп мүшесі бар отбасылар құрайды. Ал тағы 10%-ы – 4 адамнан тұратын отбасылар. Бұл, әсіресе жұмыс орындары мен әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігі төмен аймақтарда, көпбалалы отбасылардың кедейлік қатерін арттырады.

Серіктес жаңалықтары