×
518.5
601.62
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.5
601.62
6.61

Қазақстанда ұл балаларға вакцина салу қашан басталады

Бүгін, 18:39
Қазақстанда ұл балаларға вакцина салу қашан басталады
pex

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Гүлнар Сарсенбаева ұл балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АТА-АНАЛАРДЫҢ АЛАҢДАУЫ

Министрлік өкілі тілшімен әңгімесінде кейбір ата-аналардың адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаға қатысты қорқыныштарына жауап берді.

– Ең алдымен, алаңдауға қатысты айтар болсам – адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қыз балаларда жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында енгізілді. Осыған байланысты былтырдан бастап жаңа екпе түрі қолданылуда. Қазір 12–13 жастағы балаларды вакцинамен қамту мәселесі күн тәртібінде тұр, – деді Сарсенбаева.

ҰЛДАРДЫ ВАКЦИНАЛАУ

– Ұл балаларды вакцинациялау мәселесі де көтерілді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Қаржылық тұстарын пысықтау керек, сонымен қатар ата-аналар мен жұртшылыққа түсіндіру және ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу қажет. Жалпы, бұл – ерікті вакцинация. Ұл балаларға екпе егу келесі жылға жоспарланған. Осы аралықта барлық сұрақтарды жан-жақты қарастыру қажет. Қазір алғашқы кезеңде 12–13 жастағы қыз балаларға екпе егіп жатырмыз. Алдағы уақытта бұл жұмысты кеңейту жағын қарастырамыз, – деді Сарсенбаева.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ұл балаларға да обыр тудыратын вирусқа қарсы вакцинаны салу ұсынылған болатын. 

Серіктес жаңалықтары