×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

Трамп Путинмен Түркияда кездесуге дайын

Бүгін, 12:39
Трамп Путинмен Түркияда кездесуге дайын
Ердоған мен Трамп НАТО саммитінде. Фото: Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Анкара немесе Стамбұлда кездесуге дайын. Бұл жөнінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Түркияның TRT Haber телеарнасының мәліметінше, Режеп Тайып Ердоған Гаагада өткен НАТО саммитінен қайтқан бетте ұшақта журналистер сұрағына жауап берген. Ол Украинадағы соғысты бейбіт жолмен шешу бойынша Дональд Трамптың Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін айтқан. Ердоғанның сөзінше, НАТО саммитінде Трамппен сөйлескен.

– «Егер Ресей президенті Владимир Путин Анкара немесе Стамбұлға келетін болса, онда мен де сонда баруға дайынмын» деп мәлімдеді Дональд Трамп, – деген журналистер алдында Режеп Тайып Ердоған.

Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украинаның Стамбулдағы келіссөздері «бейбітшілікке жол ашты» деп санайды. «Барлығы бейбітшіліктен бас тартса да, біз олай істемейміз», – деді ол.

Ердоған  Владимир Зеленский, Дональд Трамп және Владимир Путиннің кездесуін өткізу оның «ең үлкен мақсаты» екенін айтты. Кремль де Путин мұндай кездесуге дайын деп мәлімдеді. Бірақ Мәскеу оған дейін тікелей келіссөздерде екі ел делегациялары нәтижелерге қол жеткізу керек деп есептейді. Мұндай келіссөздер соңғы рет 2 маусымда Стамбұлда өткен.

 

Серіктес жаңалықтары