×
518.34
607.18
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.34
607.18
6.62

Қаржы министрі жаңа салық кодексін сынағандарға жауап берді

Бүгін, 13:40
Қаржы министрі жаңа салық кодексін сынағандарға жауап берді
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа салық кодексін әр қазақстандыққа түсіндіруге уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, жаңа салық кодексінің жобасы қазіргі уақытта президенттің қарауында. Мемлекет басшысы мақұлдағаннан кейін министрлік ақпараттық жүйелерді бейімдеуге кіріспек. Тәкиевтің нақтылауынша, бұл жұмысқа екі ай уақыт қажет.

Министр салық реформасы бизнеске теріс әсер етпейді деп сенімді.

– Бұл жөнінде айтылған сындарды естідім, бірақ мен оның салдары күйреуге әкеледі деп ойламаймын. Иә, түсінбеушіліктер бар. Бірақ президент қол қойғаннан кейін біз әрбір салық төлеушіге – екі миллионға жуық жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаға толық ақпарат жеткіземіз. Біз жұмыс топтарын құрдық, олар өңірлерді аралап, жаңа салық кодексін түсіндіреді, – деп сендірді Тәкиев.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, экономист әрі кәсіпкер Максим Барышев жаңа салық кодексі - бизнесті құрдымға апаратын жол деп мәлімдеген болатын. 

Серіктес жаңалықтары