Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды UIysmedia.kz.
АУА РАЙЫ
Республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Жаңбыр, найзағай күтіледі, ал еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауып, күшті жаңбыр болуы мүмкін.
Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар, желдің күшеюі болжануда, елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылдар болуы мүмкін.
ТЕМПЕРАТУРА
Ал ауа температурасына келсек, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Күндізгі уақытта термометр бағандары батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыны, орталық және шығыс өңірлерде 20-33 градус жылыны, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде 27-38 градус жылыны көрсетеді.