×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Үндістан ШЫҰ бірлескен декларацияға қол қоюдан бас тартты

Бүгін, 17:55
Үндістан ШЫҰ бірлескен декларацияға қол қоюдан бас тартты
SHUTTERSTOCK/FOTODOM

Үндістан Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) бірлескен декларациясына қол қоюдан бас тартты. Ел бұл құжатты «Пәкістанды жақтайтын риторикасы бар» деп айыптап, «қосарланған стандарттарға» қарсы шықты,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатх Сингх Қытайдың Циндао қаласында өткен ШЫҰ отырысының қорытынды мәлімдемесіне қол қойған жоқ. Бұған себеп — 22 сәуір күні Үндістанның Джамму мен Кашмир аймағында болған лаңкестік шабуылдың (26 адам қаза тапқан) құжатта мүлде айтылмауы.

— Қосарланған стандарттарға орын болмауы керек. ШЫҰ терроризмді қолдайтын елдерді нақты айыптауға тиіс, — деді Сингх. 

AP агенттігінің дерегінше, ол бұл декларация Үндістанның аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұстанымын әлсірететінін атап өтті.

Делидің пікірінше, құжатта Пәкістанның Белуджистан аймағындағы содырлар әрекеті атап өтілгенімен, Үндістан аумағындағы шабуылдар туралы ештеңе көрсетілмеген. Сондықтан Делиде бұл құжат «Пәкістандық баяндауды» алға тартады деп есептейді.

АНЫҚТАМА

Пахалгамдағы терактіден кейін Үндістан Пәкістанның Азад Кашмир аймағына бірқатар зымырандық соққы жасаған. Бұл операция «Синдур» деп аталып, премьер-министр Нарендра Моди тарапынан мақұлданған. Қосымша шара ретінде Үндістан Инд өзені туралы келісімнің күшін тоқтатқан. АҚШ араағайындығымен Үндістан мен Пәкістан 10 мамырда атысты тоқтату жөнінде келісімге келген.

Серіктес жаңалықтары