×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Ресей Қазақстанмен шекарада «экспериментті» ресми түрде іске қосты

Бүгін, 09:21
Ресей Қазақстанмен шекарада «экспериментті» ресми түрде іске қосты
Ulysmedia.kz коллажы

Бүгін, 30 маусымда, Ресей шетелдіктердің биометриялық деректерін жинауға арналған жобаны ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей бір жылға визасыз туристерге арналған кіру тәртібін сынақ режимінде енгізіп отыр. Визасыз режимі бар елдердің азаматтарына, соның ішінде Қазақстан азаматтарына, сапар алдында бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесінде тіркеліп, ruID платформасы арқылы Ресейге кіру туралы өтінім беру ұсынылады.

– Ресей Федерациясына келетін шетел азаматтарын тіркеудің бұл жаңа тәртібі әзірге сынақ түрінде енгізіліп отыр және Ресей мен Қазақстан азаматтары арасындағы визасыз режимге өзгеріс енгізу болып саналмайды. «ruID» қосымшасы арқылы Ресейге кіру өтінімін толтыру – ерікті сипатта екенін ескертеміз, – деп хабарлаған болатын бұған дейін РФ-ның Қазақстандағы елшілігі.

ЖАҢА ЖҮЙЕ

2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейге кірер кезде кемінде 72 сағат бұрын ruID платформасы арқылы электрондық өтінім беріп, бірегей QR-код алу ұсынылады. Қосымша арқылы биометриялық деректер тапсыруға болады: бет бейнесі мен төлқұжатты суретке түсіру, дауысты жазу.

МАҢЫЗДЫ

Мұндай өтінімнің болмауы шекаралық бақылаудан өтуге кедергі болмайды. Алайда өтінім беру арқылы Ресей аумағындағы онлайн мемлекеттік қызметтерге, ұялы байланыс операторларының қызметтеріне және төлем жүйелеріне қол жеткізуге болады. Эксперимент визамен кіру тәртібіне, оның ішінде бірыңғай электронды визаға қатысты ережелерге әсер етпейді.

Серіктес жаңалықтары