×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Ресей Қазақстанда тұрып жатқан әзілкештің үстінен қылмыстық іс қозғады

Бүгін, 19:22
Ресей Қазақстанда тұрып жатқан әзілкештің үстінен қылмыстық іс қозғады
Ашық дереккөзден

Якутиялық комик Ньургун Атаковқа Қазақстанда айтқан сөзі үшін Ресейде іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Якутия.инфоға сілтеме жасап. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Якутиялық әзілкеш Ньургун Атаковқа Ресейде ұлттық белгісі бойынша өшпенділік пен жеккөрушілік қоздыру, сондай-ақ адам қадір-қасиетін қорлау бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды (ҚР ӘҚБтК 20.3.1-бабы).  Іс материалдары маусым айында екі рет Якутск қалалық сотына түскен, алайда сот екеуінде де істі процессуалдық заңбұзушылықтарға байланысты полицияға кері қайтарды.

АТАКОВ НЕ ДЕДІ

Өзінің бір стендапында Атаков орыс тілі, орыс халқы және православие діні туралы жағымсыз пікір айтқан. Оның сөзі орыс тілді интернетте кең тарап, қоғамның сынына ұшырады. Мысалы, ол сахнада былай деген:

- Менің ана тілім – якут тілі. Орыс тілін мен … (балағат). Ресейде мен стендапқа шығудан қорықтым. Онда әзілкештерді елден қуып жібереді. Себебі бір ұлт өзін бәрінен биік қойғысы келеді. Мен құрметтейтін жалғыз халық – шешендер. Якутия да – бір жағынан Ресей. Бірақ Ресей тарихы оқулығында Якутия туралы ... (балағат). Біз туралы не жазбақ? Біз бұғыларды ... (балағат) дей ме? Африкалықтарды құл етті, үндістерді жойды, ал бізді православ етті. Бізді өлтіргендері жақсы еді. Мен украиндар мен белорустарды жақсы көрем, себебі олармен бірігіп ... (балағат) орыстарды. Бірақ олар да мен үшін орыс. Барлық еврейлер – қу, кавказдықтар – агрессивті, азиялықтар – арсыз, ал орыстардың бәрі сасиды, деген еді.

АТАКОВТЫҢ БАСҚА ДА ДАУЛЫ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ

Атаков YouTube-тағы түрлі шоуларда да шындыққа жанаспайтын, ойдан құрастырылған әңгімелер айтатынымен танымал. Мысалы, ол "Якутиядағы музейде шіріп жатқан мәйіт тұр", "шамандық рәсім кезінде арақ ішеді" деген сияқты түпсіз әңгімелерді таратып келген.

КОНТЕКТ

Атаков соңғы жылдары Қазақстанда гастрольдік сапармен жиі шығып жүрген. 

Серіктес жаңалықтары