Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей мен Қазақстанның қауіпсіздік қызметтері «украиналық дрондардың» ел аумағынан ұшу мәселесі бойынша әр уақытта байланыста екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің жиынында Сергей Лавров Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасады. Ол Қазақстан әскери дрондар ел аумағы арқылы өтпес үшін барлық шаралар қабылдап жатыр деді.
– Қазақстандық достарымыз Украина тарапымен келіссөздер жүргізіп, осындай жағдай қайталанбас үшін барлық қажетті шаралар қабылдап жатырмыз деп сендірді, - деді Лавров.
Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украина елдің әуе кеңістігін дрон ұшыруға пайдаланып отыр деген болжамды жоққа шығарған. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан аумағынан дрон ұшқанын немесе әуе кеңістігі арқылы өткенін жоққа шығарған.
21 маусымда Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Ресейге Украина дрондары Қазақстан арқылы келгенін айтқан. Ол Қазақстанды сынай сөйлеген.