×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Назарбаевтың келіні көпшілік алдына шығамын деп сынға ұшырады

Бүгін, 14:42
Назарбаевтың келіні көпшілік алдына шығамын деп сынға ұшырады
Ашық дереккөзден

Аида Әлиева EMBA бағдарламасының түлектерімен бірге өткен шараға қатысып, қоғамның сынына тап болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебі кәсіпкерлікті дамытудағы қиындықтар мен трансформациялар тақырыбында "Бетбұрыс сәттер мен өзгерістер" атты пікірталас ұйымдастырған. Университеттің өзі бұл іс-шара оқу орны қабырғасында емес, қаланың элиталық қонақүйлерінің бірінде өткенін атап өтті.

Шақырылған спикерлердің бірі – Аида Әлиева, ол – елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нурали Әлиевтің жары. Сонымен қатар, оның әкесі – бұрынғы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев. Аида Әлиева өзін ментор әрі коуч ретінде таныстырады.

РЕАКЦИЯ

Журналист әрі блогер Алмат Азади өз пікірін мысқылдап жеткізді. 

– Өмірлік тәжірибесі мол, қарапайым халықтың қиыншылығын көріп өскен, сансараның барлық шеңберінен өткен, ағартушылықтың төрт деңгейінен де өткен ментор, енді аз қалғанда гуру болайын деп тұрған Аида Әлиева трансформация мен даму құпиясымен аямай бөлісті. Себебі сыртқы жағдай бәрінен бұрын реттеліп қойған кезде, ішкі дүниені толтырудың сырын сол білмесе, кім біледі? Тыңдармандар қандай терең инсайт алғанын болжау ғана қалды. Мүмкін, енді "Ішкі байлық – отбасы дәстүрі ретінде" деген бағдарламада жаңа курс ашылар (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)”, дейді журналист.

Серіктес жаңалықтары