×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Бейсембаев жеке мектептерді қаржыландыру кешіктіріліп жатқанын жоққа шығарды

Бүгін, 16:10
Бейсембаев жеке мектептерді қаржыландыру кешіктіріліп жатқанын жоққа шығарды
Ulysmedia.kz коллажы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жеке мектептерді қаржыландыру кешіктіріліп жатқанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бейсембаевтың сөзінше, қазіргі уақытта Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Алматы өңірлерінде жеке меншік мектептердің актіні өткізуіне байланысты қаржыландыруда кідірулер бар. 

- Негізінен барлық мектепті, әсіресе мен қадағалап отырған мектепді қаржыландыру және олардың қаржысын тоқтату мәселесін қадағалап отырмыз. Ал жекеменшік мектептердің негізгі дені 1 миллиондай қосымша ақы алады. Аса проблема жоқ. Мемлекет өз міндеттемесін орындап жатыр. 2-3 өңірде қаржыландырудың кешігуі өздерінің акт беруіне байланысты, дейді министр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, QAZBILIM Алматы ұлттық лицейінің директоры Аятжан Ахметжанұлы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қатысты өткір сын айтты. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында жекеменшік мектептерге мемлекет тарапынан қаржыландырудың кешігуі білім саласын тығырыққа тіреп отырғанын мәлімдеген болатын

Серіктес жаңалықтары