×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Қазақстанда бетті тұмшалайтын киімдерге ресми түрде тыйым салынды

Бүгін, 16:48
Қазақстанда бетті тұмшалайтын киімдерге ресми түрде тыйым салынды
Фото: B.Roessler

Қазақстанда бетті тұмшалайтын киімдерге ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда бетті жабатын киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды. 

Енді Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімді киюге ресми түрде тыйым салынады. Бұл шара қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Алайда кейбір жағдайлар бұл тыйым қолданылмайды:

  • Қазақстан заңдары талаптарын орындау кезінде
  • Қызметтік немесе еңбек міндеттерін атқару барысында
  • Медициналық мақсатта
  • Азаматтық қорғау кезінде
  • Ауа райының қолайсыздығына байланысты
  • Спорттық, бұқаралық спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде

Бұл норма тиісті заңға енгізілген өзгерістер аясында заңдастырылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 10 маусымда сенатта «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге тыйым салуды көздейтін түзету ұсынылған болатын. Бұл бастама жұмыс тобының отырысында көтерілді.

Серіктес жаңалықтары