×
519.64
609.23
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.64
609.23
6.62

Рамзан Қадыровтың ұлының тойына Қазақстан елшісі барған

Бүгін, 10:05
Рамзан Қадыровтың ұлының тойына Қазақстан елшісі барған
Фото: РИА Новости

Күні кеше Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған ұлы Адам Қадыров үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Шешенстан басшысы салтанатты шараға келген мәртебелі қонақтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Грозный қаласында өткен 17 жастағы Адам Қадыровтың үйлену тойына Қазақстан, Иран, БАӘ, Түркия елдерінің елшілері, Ресейдің губернаторлары, үкімет мүшелері мен дипломаттар келді. Бұл туралы Шешенстан басшысы Telegram-да жазды.

– Қадірлі достарым, соңғы күндері Грозныйда аса қадір тұтатын, құрметтейтін көптеген қонақтарды көріп, шын жүректен қуандым. Олардың қатарында Иран, БАӘ, Түркия, Қазақстан елдерінің елшілері де бар. Барлығы біздің отбасымызды құттықтау үшін арнайы келді. Олардың барлығына терең ризашылығымды білдіремін. Олар тек қуанышымызды бөлісіп қана қоймай, өз қатысуымен бұл мерекеге сән беріп, оны есте қаларлықтай етіп жіберді. Осындай сәттерде қасыңда бағалайтын, ара-қатынасыңды жоғары қоятын адамдардың болуы – ерекше қуаныш. Бұл – қонақ көп жиналғанымен, әрқайсысы тойдың жарқын әрі шат көңіл-күйін толықтыра түсетін ерекше жағдай, – деп жазды Қадыров.

САҒАТ, MERCEDES

Өткен демалыс күндері Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Кадыров үйлену тойын өткізді. Telegram-арналарда алтын тапаншамен және қолында эксклюзив сағатпен жүрген жас жігіттің видеолары жарияланды. «ВЧК-ОГПУ» Telegram-арнасының мәліметінше, Адамның қолында 320 бриллиантпен көмкерілген Jacob & Co. Billionaire ASHOKA сағаты болған. Оның құны 27,7 миллион долларға (шамамен 14 млрд теңге) жетеді. Бұл сағаттың арзандау нұсқалары 3 миллион доллардан басталады. Сондай-ақ, 17 жастағы Кадыров сирек кездесетін Mercedes‑Benz G‑Class STRONGER THAN THE 1980s көлігін тізгіндеп отырған сәті түсірілген. Бұл көліктің түсі Agave Green. Көліктің мұндай түрі Ресейге ресми түрде жеткізілмеген, бар болғаны 460 дана ғана шығарылған. Бағасы 190 мың доллардан басталады. Бір видеода Адам Қадыров жол талғамайтын көліктің рөлінде отырып, алтын тапаншамен ауаға оқ атып жатқан сәті көрінеді.

АДАМНЫҢ СҮЙІКТІСІ КІМ

Адам Кадыровтың қалыңдығы Медни есімді қыз, ол Кадыровтар әулетінің шыққан жері бұрынғы Центарой, қазіргі Ахмат-Юрт ауылынан. Бұл туралы Адамның әпкесі Айшат Қадырова Instagram парақшасында хабарлады. Ол той өз ауылында өтетінін және кадрлар жарияланбайтынын атап өтті. Адам Қадыров 18 жасқа 24 қарашада толады, алайда оған ресми түрде үйленуге рұқсат берілген. Ресей заңнамасына сәйкес, егер негізді себептер болса, 16 жастан бастап жергілікті әкімдік үйленуге рұқсат ете алады.

Серіктес жаңалықтары