×
519.64
609.23
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.64
609.23
6.62

Ливияда жарылған мұнай танкеріне қатысты энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Бүгін, 12:22
Ливияда жарылған мұнай танкеріне қатысты энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: MarineTraffic / Capt DLG

Ливия жағалауында жарылған Ресей танкерінде Қазақстан мұнайы болмаған, деп хабарлайдыUlysmedia.kz.

Қазақстанның энергетика министрлігі Ливия жағалауында жарылған ресейлік Vilamouraтанкеріне қатысты мәлімдеме жасады. Министрлік мәліметінше, оқиға болған сәтте танкерде Қазақстан мұнайы болмаған.

– Оқиға жеке танкерде болды. Оның соңғы рет Ливия порттарының бірінен жүк тиеген. Оқиға кезінде бортта қазақстандық мұнай болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп мәлімдеді энергетика министрлігі.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі бір миллион баррель мұнай тиелген ресейлік Vilamouraтанкерінің жарылғаны туралы хабарлаған. Кеменің иесі саналатын Грекияның TMS Tankersкомпаниясы жарылысты растады. Салдарынан танкердің машина бөлімі суға толған. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Экипаж мүшелері зардап шекпеген. Мұнай төгілгені туралы да дерек жоқ. Қазір кемені тіркеп алып, Грекияға апара жатыр. Келген шығын мен залал көлемін сол жерде анықтайды.

Кеме қозғалысын тіркеп отыратын сервистердің мәліметінше, Vilamoura биыл сәуір айында Ресейдің Усть-Луга портына тоқтап, сол жерде қазақстандық мұнайды тиеп алған. Мамыр айында Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының терминалына барған. Танкер Ливиядағы Зейтина портынан Гибралтарды бетке алып жүзіп бара жатқан кезде жарылыс болған.

 

 

Серіктес жаңалықтары