×
519.64
609.23
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.64
609.23
6.62

Шымкентте таксист болып жүрген тұрғынға айыппұл салынды

Бүгін, 18:51
Шымкентте таксист болып жүрген тұрғынға айыппұл салынды
Ашық дереккөзден

Ер адам жолаушыларды лицензиясыз тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шымкент қаласының Мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі межрайондық сотында Әкімшілік кодекстің 463-бабы 1-бөлігі бойынша іс қаралды. Сот барысында 2025 жылғы мамырда Шымкенттегі Гидролизная көшесінде Nexia Ravon көлігі тоқтатылып, тексерілгені белгілі болды.

СОТ ШЕШІМІ

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама және іске тіркелген өзге де материалдармен келісті. Сот оны кінәлі деп танып, ӘҚБтК-нің 829-11-бабы 2-бөлігіне сәйкес 41 286 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары