Ресейдің Нижегород облысында Су-34 әскери ұшағы құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ қонуға бет алған кезде шассиді шығару жүйесінде ақау пайда болған. Экипаж мүшелері катапультті іске қосып, аман қалған.
– Қару-жарақсыз ұшып жүрген ұшақ елді мекендерден аулаққа, адам жоқ жерге құлады. Жерде ештеңе қирап-бүлінбеген, – деп мәлімдеген Ресей қорғаныс министрлігінің өкілдері.
Кейінгі бір жылдан Су-34 әскери ұшағы осымен үшінші рет әуеден жерге құлап отыр. Былтыр маусым айында Солтүстік Осетияның таулы аймағындағы жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Су-34 ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш та қаза тапқан. Ал 2024 жылдың шілдесінде тағы бір Су-34 ұшағы Волгоград облысы аумағына құлады. Ол кезде де экипаж мүшелері катапультпен секіріп, аман қалған еді.