АҚШ Украинаға уәде етілген оқ-дәрілердің бір бөлігін жеткізуді тоқтатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Пентагон Украинаға арналған зениттік зымырандар мен басқа да жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілерді жеткізуді тоқтатты. Мұндай шешім АҚШ-тың өз қорындағы бұл қарулардың қоры тым азайып кеткеніне байланысты қабылданған. Бұл туралы Politico басылымы 1 шілде, сейсенбі күні жағдайға жақын үш дереккөзге сілтеме жасай отырып жазды.
Әңгіме Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандар, Hellfire зымырандары және басқа да дәлдігі жоғары артиллериялық оқ-дәрілер туралы болып отыр. DW мәліметінше, бұл қаруларды жеткізу Киевпен бұрын Джо Байден әкімшілігі кезінде келісілген.
Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келлидің түсіндіруінше, жеткізілімді тоқтату туралы шешім «АҚШ мүддесін» қорғау мақсатында қабылданған және басқа елдерге көрсетілетін әскери көмекті ішкі қайта қарау нәтижесінде жүзеге асқан.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірге енгізілмейтінін хабарлаған.