×
519.29
613.28
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.29
613.28
6.62

"Көргеннің өзі қорқынышты". Ойылда шегіртке жаңбырша "жауды"

02.07.2025, 12:19
"Көргеннің өзі қорқынышты". Ойылда шегіртке жаңбырша "жауды"
Видео кадры

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында шегіртке қаптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлысмедиа порталының “Ауылға жол” жобасының тілшілері Ойылда шегірткенің жаңбырша “жауғанының” куәсі болған

- Ойыл ауданына кірдік. Шегірткелер қырғын. Шегіртке жаңбыр сияқты жауып жатыр. Мынаны көргеннің өзі қорқынышты екен. Шегіртке егістікке қауіпті, – дейді журналистер. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Батыс Қазақстан облысындағы шегірткенің жаппай қаптауына қатысты пікір білдіруге тырысқан болатын. Себебі Қаратөбе ауданына қарасты Ханкөл ауылында шегірткенің қаптағаны байқалды. Жергілікті тұрғындар түсірген видеода жәндіктердің жерді қаптағаны анық көрінеді. Соңғы деректерге сүйенсек, зиянкестер 120 мың гектардан астам аумақты қамтыған.

Серіктес жаңалықтары