×
518.37
609.97
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.37
609.97
6.6

Солтүстік Корея Ресейдің Курск облысында өлген сарбаздарының жерлеу рәсімін көрсетті

02.07.2025, 12:30
Солтүстік Корея Ресейдің Курск облысында өлген сарбаздарының жерлеу рәсімін көрсетті
Фото: AFP

Солтүстік Корея Ресейдің Курск облысында Украинаға қарсы соғысып қаза тапқан сарбаздарының жерлеу рәсімін көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оңтүстік Кореяның «Ренхап» агенттігінің мәліметінше, Солтүстік Корея мемлекеттік телеарнасы Ресейдің Курс облысында украина әскерімен соғыста қаза тапқан сарбаздарының жерлеу рәсімі бейнеленген кадрларды көрсеткен.

Марқұмдарды жерлеу кезінде түсірілген фотосуреттер Солтүстік Корея мен Ресей арасында жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылғанына бір жыл толуына арналған гала-концертте көрсетілген.

Бейнекадрларда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын табыттардың бірін тумен жауып жатқан сәт бейнеленген. Концерт барысында солтүстіккореялық сарбазға тиесілі деп сипатталған, қан дақтары қалған қойындәптер де көрсетілген.

Агенттік суреттердегі шараға қатысушылар қыстық киім кигеніне қарап, бұл жерлеу рәсімі бірнеше ай бұрын өткен болуы мүмкін деп жазды.

Гала-концертке Ресей Федерациясының мәдениет министрі Ольга Любимова да қатысқан. Ол қазір Пхеньянда ресми сапармен жүр.

Курскідегі шайқас

2024 жылдың күзінен бастап Оңтүстік Кореяның барлау қызметі мен Батыс елдерінің арнаулы қызметтері Солтүстік Корея 10 мыңнан астам сарбазын Ресейге көмекке жібергенін хабарлаған. Ол сарбаздар кейін Украина қарулы күштеріне қарсы соғысқа қатысқан. Солтүстік Корея әскері айтарлықтай шығынға ұшырағаны, сондай-ақ кейбірін Украина қарулы күштері тұтқынға түсіргені айтылды.

2025 жылдың сәуір айының аяғында ресейлік әскери басшылық пен президент Владимир Путин Курск облысындағы шайқастарға Солтүстік Корея жауынгерлері қатысқанын ресми түрде мойындады. Кейінірек Солтүстік Корея Ресей армиясына қосымша әскер жіберуі мүмкін дегенақпарат тарады.

 

Серіктес жаңалықтары