×
518.37
609.97
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.37
609.97
6.6

Теңге үш күн қатарынан нығайып жатыр: сарапшылар себебін айтты

Бүгін, 12:09
Теңге үш күн қатарынан нығайып жатыр: сарапшылар себебін айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Теңге бағамы үшінші күн қатарынан күшеюін жалғастыруда. Сарапшылар бұл үрдісті мұнай бағасының өсуімен және Ұлттық банктің шетел валютасын сату көлемін арттыруымен байланыстырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 518,48 теңгеге дейін төмендеп, бір күнде 0,73 теңгеге нығайды.

Сарапшылардың мәліметінше, сауда көлемі де айтарлықтай артқан – 290,2 миллион долларға жетіп, алдыңғы күнмен салыстырғанда 95,4 миллион долларға өскен.

— Кейбір нарық қатысушылары үшін доллардың қазіргі бағамы табысын бекітуге ыңғайлы болды. Сонымен қатар, Ұлттық банк, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен экспорттаушылар тарапынан шетел валютасының сатылымы артқан. Бұл факторлар заңды тұлғалар мен халық тарапынан болған сұраныстан басым түсіп, теңгені қолдады, — деп мәлімдеді Қаржыгерлер қауымдастығы.

Серіктес жаңалықтары