×
518.37
609.97
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.37
609.97
6.6

Қазақстан алтынды жылдам қарқынмен сатып алып жатқан №1 ел атанды

Бүгін, 14:24
Қазақстан алтынды жылдам қарқынмен сатып алып жатқан №1 ел атанды
Ашық дереккөзден

Мамыр айында Қазақстан Ұлттық банкі әлемдегі ең ірі алтын сатып алушы орталық банкке айналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) соңғы есебіне сәйкес, ел 7 тонна бағалы металл сатып алып, бұл көрсеткіш бойынша Қытай, Польша және өзге де орталық банктерден озып түсті. Осылайша, жыл басынан бері Қазақстанның алтын қоры 15 тоннаға ұлғайып, елді Түркия және Польшамен бірге жаһандық көшбасшылар үштігіне шығарды.

Бұған дейін, алғашқы тоқсанда Қазақстан алтын қорын 6,45 тоннаға арттырып, Польша (+48,58 т) мен Қытайдан (+12,75 т) кейінгі үшінші орынға жайғасқан болатын. Енді мамырдағы 7 тонна қосымша көлеммен Ұлттық банк тағы да көшбасшылар қатарынан көрінді.

Орталық банктердің алтын сатып алу қарқыны геосаяси тұрақсыздықтың күшеюі және жаһандық резервтерде доллардың үлесі төмендеп жатқан кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. WGC сауалнамасына сәйкес, рекордтық 95% орталық банк өкілдері алдағы бір жылда әлемдік алтын қорлары арта түседі деп күтетінін айтқан. Оның ішінде 43%-ы өз резервтерін көбейтуді жоспарлап отыр, бұл көрсеткіш бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде.

САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Сарапшылардың пікірінше, алтынға сұраныстың артуы бір жағынан резервтерді әртараптандыру, екінші жағынан инфляция мен валюта тәуекелдерінен қорғану амалы. Мамыр айында Қазақстаннан бөлек Түркия мен Польша да 6 тоннадан, Қытай мен Чехия 2 тоннадан алтын сатып алған. Ал бұл фон аясында керісінше алтын қорын азайтқан елдер де бар, мысалы, Өзбекстан жыл басынан бері 14,93 тонна, Сингапур 10 тонна алтын қорынан айырылған.

Серіктес жаңалықтары