×
518.37
609.97
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.37
609.97
6.6

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 100-ге жуық сараптама тағайындалған

Бүгін, 14:41
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 100-ге жуық сараптама тағайындалған
Фото: ТЖМ

2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында орын алған AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатына байланысты қылмыстық іс бойынша 100-ге жуық сараптама тағайындалған. Бұл туралы Әзербайжан Бас прокуратурасының Тергеу басқармасы бастығы Неймат Авазов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

АЗЕРТАДЖ мәліметінше, Неймат Авазовтың айтуынша, тергеу жұмыстары Әзербайжанда да, Қазақстанда да қатар жүргізіліп жатыр. Ол қазіргі уақытта сараптамалардың басым бөлігі аяқталғанын атап өтті. Соңғы күндері сарапшылар тобының өкілдері Қазақстанға барып, жергілікті органдармен оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі талқылаулар жүргізген.

— Сараптама нәтижелерін жинау және талдау процесі екі елдің уәкілетті органдары арасындағы ынтымақтастық аясында жалғасып жатыр, — деді Авазов.

Тергеу және сараптама нәтижелері барлық рәсімдер толық аяқталғаннан кейін жария етіледі деп күтілуде. Алайда нақты мерзімі әзірге белгісіз.

КАПИТАННЫҢ ХАТЫ

Бұған дейін апатқа ұшыраған ұшаққа "оқ атуға бұйрық берген" ресейлік капитанның хаты тараған болатын.

ҰШАҚ АПАТЫ

Естеріңізге сала кетсек, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау қаласы ма­ңында Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) бет ал­ған әзірбайжандық «Az Airlines» әуе компания­сының Embraer 190 жолаушылар ұшағы құлап, борттағы 67 адамның 29-і аман қалып, 38-і қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары