Ресей соғыстан қашқан әскерилерді тұтқындауды тоқтатты. Енді олар Украинамен соғыста майданның алдыңғы шебіне, шабуыл жасақтарына жаппай жіберіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресейлік Украинамен соғыста майдан даласынан қашып кеткен сарбаздарды ұсталғаннан кейін қамауға алынуды тоқтатты. Оның орнына олар жаппай «өлім жасақтарына» жіберіліп жатыр. Бұл жөнінде тәуелсіз «Верстка» басылымы әскери прокуратурадағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Басылым әскери прокуратураның жабық деректерін қолына түсірген. Онда кейінгі айда әскери бөлімді тастап кеткені үшін іздеуде жүрген 1000-нан астам адам ұсталғаны туралы айтылған.
Ұсталғандардың ішінде ондаған адамды қамауға жіберген. Бірақ қалғандарын ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатқанымен, шын мәнінде әскери бөлім басшылығына, әскери прокуратураға немесе полицияға берген. «Верстка» басылымының дерегінше, осылайша Ресей қорғаныс министрлігі соғысқа көбірген адам жіберуді көздеп отыр.
Соғыстан қашқандарды кері қайтарып, алдыңғы шепке, «өлім жасағына» жіберіп жатқанын басылымға Харьков бағытында соғысып жүрген сарбаздар да растаған.