×
519.57
612.78
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.57
612.78
6.61

Қытай Ресейдің соғыста жеңілуіне жол бермейтінін мәлімдеді

Бүгін, 08:30
Қытай Ресейдің соғыста жеңілуіне жол бермейтінін мәлімдеді
Ашық дереккөзден

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Еуроодақ өкілдерімен келіссөздер барысында Бейжің Ресейдің Украинаға қарсы соғыста жеңілуіне мүдделі емес екенін аңғартты. Бұл туралы South China Morning Post басылымы келіссөз барысымен таныс дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Басылымның мәліметінше, Ван И Еурокомиссия төрағасының орынбасары Кая Калласқа Ресей жеңілетін болса, АҚШ бар назарын бірден Қытайға аударатынын айтқан. Бұл мәлімдеме еуропалық дипломаттардың таңданысын тудырды, себебі Бейжің үнемі бұл жанжалдың тарапына жатпайтынын және бейтарап ұстанымды қолдайтынын айтып жүр. Сонымен қатар, Қытай министрі Ресей армиясына материалдық қолдау көрсеткені жөніндегі айыптауларды жоққа шығарды. Ол Бейжіңнің Мәскеуге әскери де, қаржылық тұрғыдан да көмектеспейтінін атап өтті.

Ван И мен Каллас арасындағы келіссөздер төрт сағаттан астам уақытқа созылып, геосаяси және экономикалық мәселелерді кең ауқымда қамтыды. Басылымның жазуынша, Қытайдың сыртқы істер министрі Еуроодақ өкіліне бірнеше рет "тарих сабағын" оқыған. Айта кетейік, Каллас бұған дейін Эстония үкіметін басқарған, ал қазіргі қызметке былтыр ғана тағайындалған болатын.

Брюссельдің пікірінше, Ван Идің бұл мәлімдемесі Қытайдың ресми бейтараптығына қарамастан, стратегиялық тұрғыда жанжалдың жалғасуына мүдделі екенін көрсетеді, себебі бұл АҚШ-тың Азияға назарын бөлуіне кедергі келтіреді. Сонымен қатар, еуропалық елдер Бейжіңді Ресейге қос мақсаттағы тауарларды жеткізуі мүмкін деген күдікпен жиі сынға алады. Алайда Қытай бұл айыптауларды ресми түрде жоққа шығарып, өзін Мәскеумен де, Киевпен де қарым-қатынасты сақтайтын бейтарап бітімгер ретінде көрсетіп келеді.

Серіктес жаңалықтары