×
519.57
612.78
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.57
612.78
6.61

Қазақстандық қыз Камбоджада құлдыққа түсе жаздаған

Бүгін, 11:30
Қазақстандық қыз Камбоджада құлдыққа түсе жаздаған
Ашық дереккөзден

Қазақстандық қыз Камбоджада құлдыққа түсе жаздаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық қыз Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасу мақсатында ұшып барған. Алайда шет елге келгеннен кейін бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғаны белгілі болды. Ол еңбек құлдығына тартылу қаупіне тап болған.

Бұл оқиғаға байланысты Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол Бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады. Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды.

Қазіргі уақытта қазақстандық аруды шетелге жұмысқа орналастыру ұсынысымен алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады.

Серіктес жаңалықтары