×
519.57
612.78
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.57
612.78
6.61

Батыс Қазақстанда киіктерді қырып жатыр

Бүгін, 12:09
Батыс Қазақстанда киіктерді қырып жатыр
Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында киіктерді ата бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ату жұмыстары 30 қарашаға дейін жалғасады.

- Киік популяциясын реттеу табиғи тепе-теңдікті сақтау, жайылымдарға келетін зиянның алдын алу және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатында жүргізіледі, – деп мәлімдеді БҚО әкімдігі.

Жұмысқа 40-қа жуық маман тартылып, 4 арнайы бригада құрылған. Әр бригадаға үш техникадан берілген – барлығы 12 көлік жұмылдырылған.

ҚАНША КИІКТІ АТАДЫ

БҚО аумағындағы киік саны 2,3 миллионға жеткен.

- Ғалымдар дайындаған биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға зиян келтірмей, жалпы санның 20 пайызына дейін, яғни 460 мың басқа дейін реттеуге болады. Бұл шектеу ғылыми зерттеулер мен табиғи тепе-теңдікті сақтау талаптарына негізделген, – делінген хабарламада.

ЕТТІ НЕ ҮШІН ПАЙДАЛАНБАҚ

- Атылған киіктердің еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Атап айтқанда, өнімді «Кублей» ЖШС, «Жеңіс» ЖК, «Батыс-Нық» ЖШС және «Хаиров» ЖК қабылдайды. Алдағы уақытта бұл процеске өзге де ет комбинаттарын тарту жоспарланып отыр, — деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда киіктерді ату мәселесі әлі қызу талқыланып жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 800 мың бас киікті алып тастау жоспарланып отырғанын айтқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары