×
519.57
612.78
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.57
612.78
6.61

Әзербайжан диаспорасының басшысы Ресей азаматтығынан айырылды

Бүгін, 18:22
Әзербайжан диаспорасының басшысы Ресей азаматтығынан айырылды
Фото: Ашық дереккөзден

Мәскеу облысындағы әзірбайжандардың аймақтық ұлттық-мәдени автономия басшысы Эльшан Ибрагимов Ресей азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл ақпаратты Эльшан Ибрагимовтың өзі де растады. Ресей билігінің шешімі немен байланысты деген сұраққа, ол алдағы күндері Әзербайжанға барып, баспасөз мәслихатын өткізетінін айтты.

Әзербайжан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қақтығыс 27 маусымда Екатеринбург қаласында рейд кезінде қаза тапқан ағайынды Зиаддин және Гусейн Сафаровтардың өлімінен кейін ушықты. Ресей полициясы Зиаддин жүрек талмасынан қайтыс болды деген. Ал Гусейннің қазасы туралы үнсіз қалған. Ресей құқық қорғау органдары олардың 2001, 2010 және 2011 жылғы адам өлтіру қылмыстарына қатысы барын айтқан.

Әзербайжан бас прокуратурасы «60 жастағы Гусейн Сафаров шағын кәсіппен айналысқан, Екатеринбург полиция бөлімінде азапталып өлтірілген. Ал оның інісі, көлік жүргізушісі болып істейтін Зиаддин Сафаровты полиция қызмет көлігінде таңертең өлтірген» деп мәлімдеді.

Әзербайжан бас прокуратурасы «асқан қатыгездікпен топ болып адам өлтіру», «қызмет өкілеттігін асыра пайдалану», «азаптау» сияқты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ресейде мигранттарды жаппай ұстау көптен бері жалғасып келеді. Ол Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін тіпті күшейген. Екатеринбургтегі рейд кезінде Әзербайжан диаспорасының басшысы Шахин Шахлинский де ұсталған. Құқық қорғау органдары одан қылмыстық істе куәгер ретінде жауап алып, уақытша босатқан.

Серіктес жаңалықтары