×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Алматы әуежайында бала зардап шекті

Бүгін, 15:52
Алматы әуежайында бала зардап шекті
welcome.kz

Алматы әуежайында бала ойнап жүріп шыны қалқаға соғылып қалған. Сынықтардың бірі оның маңдайына тиген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Куәгерлердің айтуынша, баланың жасы шамамен 7-9 жаста. Оқиға 4 шілде күні Алматы – Шымкент рейсін күту кезінде болған.

ӘУЕЖАЙ ӘКІМШІЛІГІ НЕ ДЕЙДІ

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бала перронға шығатын есік жаққа жүгіріп бара жатып, витражды шыны қалқаны байқамай қалған.

— Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін және жедел жәрдем шақырды. Кезекші медицина қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баланының жағдайы жақсы.

Әуежай әкімшілігі емдеу шығындарының барлығын өз мойнына алғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары