×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Анталияда арыстан тордан шығып, адамға шабуыл жасады: жыртқышты дронмен іздеп жатыр

Бүгін, 19:20
Анталияда арыстан тордан шығып, адамға шабуыл жасады: жыртқышты дронмен іздеп жатыр
Видеодан алынған кадр

Түркияның Анталия қаласында Зевс есімді арыстан жануарлар паркінде тұрған тордан қашып шығып, жергілікті тұрғынға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Hürriyet газетінің жазуынша, оқиға түнгі уақытта — шамамен сағат 02:00-де болған. Жыртқыш вольерден шығып кеткен, ал таңғы 05:00 шамасында зообақтан бір шақырымдай қашықта жүрген Сүлеймен Кыр есімді азаматқа шабуыл жасаған. Ер адам ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Арыстанды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

ІЗДЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Оқиғадан кейін ауданға полиция мен жандармерияның арнайы жасақтары жіберілді. Қазіргі уақытта арыстанды іздестіру операциясы жалғасып жатыр, оған дрондар да тартылған.

Кейінгі мәліметтерге сәйкес, жыртқышты Илыджа мен Кумкёй аудандарының арасындағы, туристік қонақүйлер маңынан көрген. Жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпау және іздеу аумағына жақындамау жөнінде ескерту жасалды.

Серіктес жаңалықтары