×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

"Шығармашылықтан алыс емеспін": QazaqGaz төрағасы домбыра күніндегі челленджге үн қосты

Бүгін, 18:40
"Шығармашылықтан алыс емеспін": QazaqGaz төрағасы домбыра күніндегі челленджге үн қосты
Видеодан алынған кадр

QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Домбыра күніне орай басталған челленджге қолдау білдіріп, Құрманғазының "Төремұрат" күйін орындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешов мемлекеттік және квазимемлекеттік сала қызметкерлері арасында домбыраны насихаттау мақсатында челлендж бастаған еді. Бұл бастамаға QazaqGaz басшысы алғашқылардың бірі болып үн қосты.

– Өзім өндіріс адамы болсам да, шығармашылықтан алыс емеспін. Жұмыстан бос уақытта домбыра шертетінім бар. Сондықтан аталған бастаманы шынайы ықыласпен қабыл алдым, – деді Санжар Жаркешов әлеуметтік желідегі жазбасында.

Ұлттық компания басшысы Құрманғазының “Төремұрат” күйін орындап, эстафетаны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевке жолдады.

АНЫҚТАМА 

Санжар Жаркешов — мұнай-газ саласының маманы, халықаралық жобаларда инженерлік қызмет атқарған, бұрынғы вице-министр.

2009 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін “Қаржы” мамандығы бойынша, 2010 жылы Техас Университетін (Остин қаласы, АҚШ) “Мұнай-газ инжиниринг” мамандығы бойынша бітірген.

Қазір ол QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарады.

Серіктес жаңалықтары