×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

АҚШ-та су тасқынынан қаза тапқандар саны 51-ге жетті

Бүгін, 10:48
АҚШ-та су тасқынынан қаза тапқандар саны 51-ге жетті
Фото: Eric Vryn/Getty Images/AFP

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 51-ге жетті. Олардың ішінде 15 бала, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

CNN мәліметінше, тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Ең қатты нөсер 4 шілдеге қараған түні Техаста жауған. Салдарынан Гвадалупе өзенінде су тасқынын болды. Су деңгейі небәрі 45 минутта 8 метрге көтерілгені хабарланды. Хабар-ошарсыз кеткендердің арасында өзен жағасында орналасқан Сamp Mystic христиан қыздар жазғы лагерінің 27 баласы бар.

Жергілікті биліктің мәліметінше, іздеу-құтқару операциясы барысында 850 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілген.

АҚШ президенті Дональд Трамп зардап шеккендерге федералды көмек көрсетуге уәде берді. Техас губернаторы Грег Эбботт төтенше жағдай режимін енгізу туралы декларацияға қол қойды және штаттың құтқару ресурстары «шектеусіз» болады деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары