×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Павлодарда веломобиль темір қоршауға соғылып, зейнеткер қаза тапты

Бүгін, 15:45
Павлодарда веломобиль темір қоршауға соғылып, зейнеткер қаза тапты
familybike.ru

7 шілдеде түнде Павлодардың орталық жағалауында қайғылы жағдай болды. Төрт дөңгелекті велосипед – веломобиль – қоршауға соғылып, салдарынан 69 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйел анасы және үш немересімен бірге веломобильде серуендеп жүрген. Құрылғы еңістен төмен түсу кезінде металл қоршауға соғылған.

– Қатты соққыдан кейін зейнеткер әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Оның қызы мен үш немересі ауруханаға жеткізілді, – деді полицияның баспасөз қызметі.

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, шақырту 6 шілде күні сағат 23:08-де түскен. Алты минуттан кейін дәрігерлер оқиға орнына жеткен.

– Өкінішке қарай, 69 жастағы әйелдің қайтыс болғаны расталды. 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тағы бір зардап шеккен – 39 жастағы әйел – Павлодардағы №1 ауруханасына жеткізілді, – деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметі.

Қазір бұл оқиға бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары