×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Қостанай облысында АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған

Бүгін, 16:14
Қостанай облысында АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған
Pixabay.com

Қостанай облысында АИТВ (Адам иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға Қостанай облысындағы аудандардың бірінде болған. Мұны облыстық соттың баспасөз қызметі растады.

ДӘЙЕКСӨЗ

— Өгей әке қыздың анасын үйде жоқ кезде 13 жастағы қызды зорлаған. Ол АИТВ инфекциясын жұқтырған адам болған. Абырой болғанда, қыздың денсаулығына зиян келмеді, ауру жұқпаған, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

alau.kz мәліметінше, қылмыстық іс жабық режимде қаралған. Ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында ер адам өгей қызына бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.

 

 

Серіктес жаңалықтары