Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Нұртай Әбіқай, Сергей Кулагиннің иелігінде қандай жерлер барын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Министр Сапаров екеуіне қанша гектар жер тиесілі екенін нақты айта алмады.
- Жалпы жоспар бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, комиссия құрылған. Ол кісілерде нақтыы қанша гектар жер бар екеніне жауап беруге дайын емеспін. Қағаз жүзінде қанша екенін кейін жіберейін. Бірақ жер игерілмей жатса, оны қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Тапсырма берілген, жұмыс істеп жатырмыз. “Ананың жері, мынаның жері” демейміз. Жұмыс істемесе жерді босатуы керек, басқа адамға беруі керек, дейді министр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ұлысмедиа белгілі мемлекет қайраткері Сергей Кулагин қандай кәсіптердің иесі екенін жазып шыққан болатын.