×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

«Біздің аккаунт өшірілді»: журналист Лұқпан Ахмедияров қысым көріп жатқанын айтты

Бүгін, 12:11
«Біздің аккаунт өшірілді»: журналист Лұқпан Ахмедияров қысым көріп жатқанын айтты
Фото: Ашық дереккөзден

Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровтың қысым көріп жатқанын айтты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz

8 шілдеде тәуелсіз журналист, «Просто журналистика»  жобасының авторы Лұқпан Ахмедияров белгісіз себеппен жобаның Instagram парақшасы жойылғанын хабарлады. Оның орнына «Просто журналистика» жобасының белгісі мен видеосы бейнеленген Justjournalism.official парақшасы пайда болған. Сөзінше, өзінің жеке аккаунтына да шабуыл жасалған.

– Бұл біздің аккаунт емес. Біздікі өшірілді. Біздің аккаунтымызды бұзып, өздерінің жалған аккаунттарын біздікі етіп көрсетіп жатыр, – деді ол.

Бұған қоса, журналисті полицияға шақырған. Бірақ тергеуші қоңырау шалып, шақыру болмайтынын айтқан.

– Мен бұның барлығы бір тізбектің сабағы болса таң қалмаймын, – деді Ахмедияров.

Бұған дейін Лұқпан Ахмедияровтың үсінен қылмыстық іс қозғалған. Кейіннен журналистің үстінен арыз жазған оралдық әйел шағымды полицияның қысымынан кейін бергенін айтқан. Ахмедияровтың өзіне жасалып жатқан қысымды журналистік қызметімен байланыстырады. Ол кейінгі кездері Украинадағы соғыста қаза тапқан қазақстандықтар туралы материалдар дайындаған.

Серіктес жаңалықтары