×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Сауда министрлігі Трамптың Тоқаевқа жазған хатына байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 15:32
Сауда министрлігі Трамптың Тоқаевқа жазған хатына байланысты мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан тауарларына АҚШ-тың жаңа тарифтеріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың 7 шілдесінде  АҚШ Президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.

- Алайда, қазақстандық экспорттың басым бөлігі — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар — жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде, делінген хабарламада. 

ҚҺҚОСЫМША ШАРАЛАР

Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады. Қазақстан мақсаты - нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау дейді министрлік өкілдері. 

КЕЛІССӨЗДЕР

Қазіргі уақытта Америка тарабы  Қазақстан ұсыныстарын  қарастыруда және келіссөздерді  өткізу күні туралы хабарлайды.

- Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында Америка тарапымен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын, делінген хабарламада.

АЙТА КЕТЕЙІК

Анықтама: Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4% - ға жоғары (4,1 млрд. АҚШ). 

Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикімұнай - 1,1 млрд. АҚШ долл. (үлесі 56,2%), уран - 322,9 млн. АҚШ доллары

(16,4%), күміс - 239,9 млн. АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар - 188,2 млн.АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар - 17,6 млн. АҚШ (0,89%)және басқалар.  Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн. АҚШ доллар.

2025 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 418,2 млн. АҚШ доллары болды.

Серіктес жаңалықтары