Бұл сұраққа ОКҚ алаңында ҚР ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Несиеге алынған көліктердің бәрі де сақтандырылған. Сөзсіз, әрбір келісімде жеке-жеке зерттеу керек. Төлем төлеуге негіздеме боларлық себептер барын зерттеп, қараймыз. Сондықтан агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, бекітілген сақтандыру полистерінің бәрі бойынша төлем жүргізуге болатындай шараларды қарастырамыз», - деді агенттік өкілі.
Оның айтуынша, төлем төленбеген жағдайда көлік иесі сақтандыру омбудсменіне барып, қаржылық бақылау қызметіне жүгінуі тиіс.
«Сонда біздің мамандарымыз әрбір азаматымыздың өтінішін жеке қарайды», - деді Терентьев.