×
519.58
609.36
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.58
609.36
6.63

Қазақстанда алдағы күндері нөсер жауын болады

Бүгін, 08:00
Қазақстанда алдағы күндері нөсер жауын болады
Фото: freepik

"Қазгидромет" өкілдері алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктер Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы болатынын ескертеді. 9-10 шілде аралығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағында найзағайлы жаңбыр жауады деп болжануда. Солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста қатты жауын-шашын, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ал республиканың батысында, керісінше, солтүстік-батыс антициклонының ықпалында негізінен құрғақ ауа райы болжанады. Алайда бүкіл ел аумағында желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

9–10 шілде күндері күндіз батыс және оңтүстік-батыста ауа температурасы +41 °C-қа дейін, солтүстік-батыста +38 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Солтүстікте түнде ауа температурасы +7…+15 °C аралығында төмендеп, күндіз +20…+27 °C шамасында болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста синоптиктер температураның біртіндеп төмендеуін болжайды, ал басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Серіктес жаңалықтары