×
519.58
609.36
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.58
609.36
6.63

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті
gov.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ НЕ ДЕЙДІ

Әуелі бұл туралы ақпарат БАҚ-та тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, Масабаевтың жағдайы ауыр. 

Ұлысмедиа тілшісі бұл жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан пікір сұрады. 

- Науқастың жағдайы тұрақты, ол естүссіз емес, есін біледі. Қазіргі уақытта медициналық көмек белгіленген хаттамаға сәйкес көрсетіліп жатыр, – делінген ведомствоның Ұлысмедиаға берген жауабында.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Облыстық полиция басқармасының мәліметінше жол апаты Төңкеріс-Байсерке автожолында болған. 

- Төңкеріс–Байсерке автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр. Облыстық полиция жол қозғалысына қатысушылардың бәрін жол ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе қала сыртындағы жолдар мен қараңғы уақытта аса мұқият болуға шақырады, дейді ПД өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары