×
519.58
609.36
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.58
609.36
6.63

Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталды

Бүгін, 13:09
Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және ақшаны жылыстатуға байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдын ала тыңдалым барысында күдіктілер БАҚ өкілдерінің процеске қатысуына қарсы екендерін білдірді. Сонымен қатар олар сот отырыстары кезінде фото және видео түсірілімге тыйым салуды талап еткен.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі сот отырыстың ашық не жабық өтетіні жөнінде шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенін хабарлады.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТТЫҢ ІСІ

Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.

АНАСЫ ТУРАЛЫ

Перизат Қайрат «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһазға, саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары