×
519.58
609.36
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.58
609.36
6.63

Ресей мен Қазақстанның Байқоңырдағы бірлескен жобасы қашан қосылатыны белгілі болды

Бүгін, 17:11
Ресей мен Қазақстанның Байқоңырдағы бірлескен жобасы қашан қосылатыны белгілі болды
Ulysmedia.kz коллажы

«Байқоңыр» ғарыш айлағында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ

Бакановтың айтуынша, жоба аясында ұшыру кешенін салу – Қазақстанның, ал жаңа «Союз-5» зымыранын ұшыру – Ресейдің міндеті. Алғашқы ұшуды 2025 жылғы желтоқсанда өткізу жоспарланып отыр.

КОНТЕКСТ

«Бәйтерек» – Ресей мен Қазақстанның «Зенит-М» ұшыру алаңы негізінде зымыран-ғарыш кешенін құруға бағытталған ортақ жобасы. Жобаға қатысты келісім 2018 жылы жасалған.

Бастапқыда жоба «Ангара» зымыранына, кейіннен украиналық «Зенитке», ал 2014 жылдан соң ресейлік «Союз-5» зымыранына бейімделген.

Серіктес жаңалықтары